Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!
10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Еңселі ғимараттың ең алғашқы залы абыз адам, аңыз тұлға Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналды. Болашақта Маңғыстаудың табиғаты мен тарихына, этнографиясына арналған экспозициялық залдар жасақталып, ашылатын болады. Музей ғимаратының жалпы көлемі 6561 шаршы метр. Жобалаушысы Қалижан Міркәрімов. Құрамында музеймен қатар театр, кітапхана орналасатын Мәдени орталық NCOC компаниясының әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалары шеңберінде салынды. Заңғар жазушының 80 жылдығы аясында өтіп жатқан шаралар аясында музей алдында Әбіш ағаның ескерткіші де бой көтерді.
Ескерткіштің және музейдің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына ҚР Президентімен қатар ұлт зиялылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысып, бата-тілектерін, ыстық лебіздерін білдірді.
Жаңа ғимаратымыздың ашылу салтанатына жан-жақты қолдау білдірген Маңғыстау облысының әкімдігіне, облыстық Мәдениет басқармасына, демеушілерге, қол ұшын созған барша азаматтарға, Әбіш ағаның сирек фотосуреттерін ұсынған оның замандастарына алғыс айтамыз! Экспозициялық залды жасақтауға өлшеусіз үлес қосып, Әбіш ағаның қолының табы қалған жиһаздарын, отбасылық дүниелерін сыйға тартқан Клара Жұмабайқызына ерекше ризашылық білдіреміз!
Жарияланған күні: 11-10-2019Оқылған саны: 14334


Жылдағы дәстүр бойынша, 18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай, облыстық музейде "Музей түні" мерекелік шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 15-05-2018
Оқылған саны: 26550
Маңғыстау музейінің көрмесі Түркменстан Республикасында





Облыстық музей көрмесін апарған музей мамандары Түркменстан Республикасының Түркменбашы қаласында іссапарда болып қайтты
Жарияланған күні: 19-04-2018
Оқылған саны: 30070
«Киіз үй – ұлттық құндылықтар қазынасы» атты ерекше мерекелік шарасы





Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ұлттық мұраны ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Киіз үй – ұлттық құндылықтар қазынасы» атты киіз үй тігуден ұлттық сайыс өткізілді.
Жарияланған күні: 20-03-2018
Оқылған саны: 31445
"Ұлттық дастарханның ерекше мәзірі" мерекелік шарасы





Қазақ халқының жүріс-тұрысы, киім киісі, дәстүр-салты тұнып тұрған тәрбие. Дастарханы да тәрбиелік маңыздан кенде емес. Дастархандағы дәмді астың рухани сусындатуда қандай роль атқарғанын біле отырыңыз.
Жарияланған күні: 16-03-2018
Оқылған саны: 23095
Қолөнершілер сайысына қатысуға шақырамыз!
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында барша маңғыстаулық шеберлерді қолөнер сайысына қатысуға шақырамыз.
Жарияланған күні: 06-03-2018
Оқылған саны: 31581
"Өрнек" сән үйінің директоры Нұрияш Нұрбергенқызымен мәдени-тағылымдық кездесу кеші





Облыстық музейде ұлттық киімді дәріптейтін тағы бір әдемі шара өтті
Жарияланған күні: 01-03-2018
Оқылған саны: 19184
7891011121314 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат