Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.
2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н: Назарбаев пен Өзбекстан Республикасы Президенті Ш. Мирзиеев алдағы екі жылда өзбек мәдениетінің Қазақстандағы, қазақ мәдениетінің Өзбекстандағы жылдарын атап өту жайлы келісімге келген болатын.
Аталған келісім негізінде ағымдағы жылдың 18 – 24 қараша күндері құрамында Маңғыстау олысытқ Мәдениет басқарма басшысы Пәния Оңалбаевна бастаған «Ақ жарма» фольклорлық ансамблі, облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Жорға» би тобы, М. Өскінбаев атын. облыстық филармония әншілері Хорезм жұртшылығын Маңғыстаудың дәстүрлі өнерімен тәнті етті.
Үргеніш қаласында өткен мерекелік шаралар басырысында «Ұлы дала мұралары» атты фотокөрме келушілерге кеңінен таныстырылып, «Біз шырқаймыз достық әнін» атты концерттік бағдарламалар өзбек жұртшылығы мен жергілікті қазақ диаспорасының ыстық ықыласына бөленді.
Мәденеиет күндеріне арнайы құрылған 50 адамдық құрамды поезд тоқтаған әр бекетте күтіп алып жылы лебізін жолдап, ақ жол тілеген тілеулестер аз болмады. Соның ішінде тоғыз жолдың торабын қоныс еткен Бейнеу ауданының әкімшілгі, мәдениет саласының үздіктері және Қарақалпақстан елінің Қоңырат қаласының әкімшілігі мен мәдениет қызметкерлеріне, Хиуа шаһарын таныстырған музей қызметкерлеріне қонақжайлылығы үшін алғысымызды білдіреміз.
Оқылған саны: 13029
"Шахнаманың" сарынымен сусындаңыз!





11 шілде күні музей шаңырағында «ФИРДОУСИДІҢ «ШАХНАМАСЫ» - ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЫ» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Барша қала тұрғындары мен меймандарды көрмені тамашалауға шақырамыз!
Жарияланған күні: 12-07-2018
Оқылған саны: 19383
«ФИРДОУСИДІҢ «ШАХНАМАСЫ» - ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЫ» атты көрмеге шақырамыз


Маңғыстау
облыстық тарихи-өлкетану музейінде 11 шілде – 3 тамыз аралығында Қазақстан
Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы және Маңғыстау
облысының Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Каспий жағалауы мемлекеттерінің
екіжақты достық қарым-қатынасын нығайту мақсатында «ФИРДОУСИДІҢ «ШАХНАМАСЫ» -
ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЖАУҺАРЫ» атты көрме өтеді.
Жарияланған күні: 10-07-2018
Оқылған саны: 27477
"Табиғаты таңғажайып, мұралы Маңғыстау" көрмесі Елорда төрінде





Астана қаласының 20 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі Елорда төрінде көлемді көрме өткізді
Жарияланған күні: 03-07-2018
Оқылған саны: 19281
Құрметті қала қонақтары және тұрғындары!
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі Сіздерді маусым айының 25, 26, 27 (июнь) күндері кешкі сағ 2000-2200 аралығында музей экспозицияларын тамашалап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде экскурсиялар тыңдап, өлке тарихымен танысуға шақырады.
Жарияланған күні: 22-06-2018
Оқылған саны: 24972
"Бала - біздің болашағымыз" атты мәдени-тағылымдық шарасы





1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай музей шаңырағында "Бала - біздің болашағымыз" атты ерекше мәдени-тағылымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 04-06-2018
Оқылған саны: 16893
Біздің музей - республикадағы ең үздік облыстық музей!



"Рухани қазына - 2018" фестивалі аясында еліміз бойынша үздік музейлер мен кітапханалар анықталды
Жарияланған күні: 23-05-2018
Оқылған саны: 26655
67891011121314 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат