Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде ұйымдастырылған қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты танымдық шараға облыстық Нұр Отан партиясының өкілдері, Бекет Ата мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бастаған қала, аудан имамдары, мәдениет басқармасына қарасты мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, Ш. Есенов атындағы КМТжИУ-нің студенттерінен құралған ерікті студенттер тобы, Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылары, 2201 А әскери бөлімінің сарбаздары, БАҚ өкілдері қатысты.
Танымдық шараның негізгі мақсаты - Ұлы Абай мұрасын оқып-үйренуге, Абайтану ілімін терең меңгеруге, «толық адам», «кәміл мұсылман» идеясынан тағылым алуға шақыру.
Келушілер Ұлы Абайдың әр жылдары салынған тарихи портреттерінен және Абай шығармалары мен Абай туралы жазылған әдеби басылымдардан жасақталған көрмелерді тамашалады. «Үндестік-созвучие» деген атпен берілген Гёте-Лермонтов-Абай поэзиялары мен аудармалары туралы мәліметтерді алды.
Шараға қатысушылар Абай өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқып, аудармаларынан қойылым көрсетті.
Танымдық шарада белсенділік көрсеткен қатысушылар музейдің «Алғыс хатымен» Абайдың қара сөздері мен өлеңдері жинақтарымен марапатталды. Шараға қатысқан облыстық Нұр Отан партиясының өкілдері үздік орындаушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Оқылған саны: 10453
Ержан хазірет Төлегенұлының мұралары тағылымына арналған конференция қос қалада дүркіреп өтті





Рухани жаңғырудың жарқын үлгісі болған қос қаладағы конференция туралы
Жарияланған күні: 22-11-2018
Оқылған саны: 22586
Ержан хазіреттің мұралары халықпен қауышпақ





Киелі Маңғыстаудың біртуар перзенті, көрнекті дін өкілі, абыз, Орта Азияға мәшһүр Ержан хазірет мұралары тағылымына арналған конференцияның куәсі болуға асығыңыз!
Жарияланған күні: 15-11-2018
Оқылған саны: 22688
__26aafc27a863677a856c8bff3bf5888e.jpg)


Ұстаздар назарына! Оқушылардың өлке тарихымен танысып, танымдық ақпараттар алуына мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Жарияланған күні: 17-10-2018
Оқылған саны: 25846
Өзбекстандағы «Маңғыстау облысының мәдениет күні»





Өзбекстан Республикасының Үргеніш облысы Хорезм қаласында өткен «Маңғыстау облысының мәдениет күні» шаралары аясында Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі «Маңғыстау мұралары» көрмесін көпшілік назарына ұсынды.
Жарияланған күні: 01-10-2018
Оқылған саны: 25110
Көнеден жеткен кәсіп - Маңғыстаудың аңшылық дәстүрі





Халқымыздың көнеден жеткен қастерлі кәсібі - аңшылық дәстүрдің бүгінгі көрнекті өкілі Алдаберген Ақшабаевпен танымдық-тағылымдық кездесу
Жарияланған күні: 28-09-2018
Оқылған саны: 24018
"Киелі Отырардың мәдени мұралары" көрмесі



Тарихи қала, аңыз қала Отырардың көрмесін тамашалауға шақырамыз!
Жарияланған күні: 06-08-2018
Оқылған саны: 17530
567891011121314 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат