Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде ұйымдастырылған қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты танымдық шараға облыстық Нұр Отан партиясының өкілдері, Бекет Ата мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бастаған қала, аудан имамдары, мәдениет басқармасына қарасты мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, Ш. Есенов атындағы КМТжИУ-нің студенттерінен құралған ерікті студенттер тобы, Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылары, 2201 А әскери бөлімінің сарбаздары, БАҚ өкілдері қатысты.
Танымдық шараның негізгі мақсаты - Ұлы Абай мұрасын оқып-үйренуге, Абайтану ілімін терең меңгеруге, «толық адам», «кәміл мұсылман» идеясынан тағылым алуға шақыру.
Келушілер Ұлы Абайдың әр жылдары салынған тарихи портреттерінен және Абай шығармалары мен Абай туралы жазылған әдеби басылымдардан жасақталған көрмелерді тамашалады. «Үндестік-созвучие» деген атпен берілген Гёте-Лермонтов-Абай поэзиялары мен аудармалары туралы мәліметтерді алды.
Шараға қатысушылар Абай өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқып, аудармаларынан қойылым көрсетті.
Танымдық шарада белсенділік көрсеткен қатысушылар музейдің «Алғыс хатымен» Абайдың қара сөздері мен өлеңдері жинақтарымен марапатталды. Шараға қатысқан облыстық Нұр Отан партиясының өкілдері үздік орындаушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Оқылған саны: 10485
«Наурыз мерейі» атты Маңғыстау облысында өтіп жатырған қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда.
«Наурыз мерейі» атты Маңғыстау облысында өтіп жатырған қайырымдылық акциясы өз жалғасын табуда. Аталмыш акция аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері "Атадан мирас" қайырымдылық қорына ақшалай және қолдан келген шағын көмегін көрсетті.
Жарияланған күні: 16-04-2017
Оқылған саны: 35070





"Наурыз мерейі" акциясы аясында Маңғыстау обл. тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ботаникалық бақта сенбілік жүргізді.
Жарияланған күні: 10-04-2017
Оқылған саны: 19490





Сәуір айының алғашқы жексенбісінде тойланатын қазақстандық геологтардың төл мерекесіне орай 6 cәуір күні Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі Жаңаөзен қалалық филиалында ардагер геолог-мұнайшылармен кездесу өтті.
Жарияланған күні: 06-04-2017
Оқылған саны: 32722
Халықаралық құстар күніне орай облыстық музейде «Құстар – көктем жаршысы» атты шара өтті.





Халықаралық құстар күніне орай облыстық музейде 04.04-07.04.17ж аралығында «Құстар – көктем жаршысы» атты шара өтті.
Жарияланған күні: 05-04-2017
Оқылған саны: 36988
Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары!
Жарияланған күні: 05-04-2017
Оқылған саны: 32652





22 Наурыз мерекесіне орай, Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейі арнайы тігілген киіз үйде "Маңғыстаудың зергерлік өнері", "Маңғыстаудың қолданбалы қол өнер" атты көрмесі жасақтап, өлкемізге белгілі шеберлер көрме-жәрмеңке жасақтады.
Жарияланған күні: 24-03-2017
Оқылған саны: 33600
12131415161718 ... 32
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат