"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті
27 маусым күні Мемлекеттік хатшы М.М.Тәжин төрағалық еткен кеңесте күн тәртібінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру және оның тиімділігін одан әрі арттыру шаралары туралы мәселе қаралып, Республиканың Мәдениет саласына серпіліс беру мақсатында арнайы тапсырмалар берген болатын. Еліміздегі музейлерге "Мзей түні" шарасын жиі өткізу туралы мәселе көтерілді.
Жарияланған күні: 21-09-201920 қыркүйек күні Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі аталған мәдени шараны Ақтау қаласының туған күніне орайластырып өткізді. Бұл түнде еліміз бойынша Маңғыстау облысынан осымен екінші рет табылып отырған суасты алып тіршілік иесі - ихтиозаврдың сүйегі көрмеленіп, алғаш рет көрермендер назарына ұсынылды. Сонымен бірге қала күніне орай "Қалам менің - мақтанашым" атты фотокөрме және 60-жылдардың басындағы кеңестік тұрмыстың көрінісі келтірілген шағын Ретро-көрме жасақталды. Сүйікті қаланың байырғы тұрғындары мен қонақтары көрмелерді белсенді тамашалап, жоғары бағасын берді. Болашақта бұл шара жалғасын табатын болады.
Оқылған саны: 9528
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!
Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарих-өлкетану музейінде қазақтың бас ақыны, данышпан ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды оқы, ой толға!» атты әдеби - танымдық шара өтті.
Жарияланған күні: 20-02-2020
Оқылған саны: 10452
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Хиуаға сапары.





Қараша айының 18 - 24 күндері Өзбекстан елінде Қазақстан жылы шарасы аталып өтті.
Жарияланған күні: 28-11-2019
Оқылған саны: 13023
Сүйінші! Музейдің жаңа ғимараты ашылды!





10 қазан күні заңғар жазушы, көсемсөз зергері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақтау қаласында 19 А шағын ауданда жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы келіп, қатысты.
Жарияланған күні: 11-10-2019
Оқылған саны: 14306
"МУЗЕЙ ТҮНІ" мәдени-көпшілік шарасы өтті





Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің арнайы тапсырмасымен еліміздің бірқатар музейлерінде "Музей түні" шаралар циклі өтуде.
Жарияланған күні: 21-09-2019
Оқылған саны: 9528
"Музейдегі түн" шарасына асығыңыздар!

Ақтау қаласының төл мерекесіне орай 20 қыркүйек күні "Музейдегі түн" шарасы өтеді.
Жарияланған күні: 17-09-2019
Оқылған саны: 9040
Маңғыстаудан алып ихтиозавр сүйегі табылды!





Миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен алып жануар сүйегі біздің өлкеден осымен екінші рет табылып отыр.
Жарияланған күні: 12-09-2019
Оқылған саны: 14052
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат