Мұражай қоры
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі негізінен материалдық ескерткіштер мен рухани-мәдени құндылықтарды, шынайы тарихи мұраларды сақтауды, тіркеуді, есепке алуды қамтамасыз етеді. Сондықтан да мұражай қоры қатаң мемлекеттік есепке алуға жатады, олардың заңды қорғалуына және зерттелуіне және рационалды қолданылуына жағдай жасайды.
Қор бөлімі жалпы музей құрылымындағы бірден-бір негізгі бөлім болып табылады және музей құндылықтарын есепке алу, сақтау жұмыстарымен айналысып, Қазақстан Республикасының «музей құндылықтарын есепке алу және сақтау туралы» нұсқаулығымен жұмыс жасайды.
Бөлім өз жұмыс барысында МОТӨМ МКҚК-ның жарғысын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін директордың бұйрығы негізінде басшылыққа алып қызмет атқарады.
Қор бөлімі музей директорының әдістемелік кеңесте бекіткен жоспарын негізге ала отырып, бөлімнің жылдық жұмыс жоспары бойынша жұмыс істейді.
Бөлімнің басты міндеті – музей құндылықтарын мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және сақтауды қамтамасыз ету.
Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану музейінің қорында (барлық филиалдарын қосқанда) 01.02.2020 жылғы есеп бойынша барлығы 78 665 жәдігер бар. Оның ішінде: негізгі қорда (КП) - 46 401, көмекші қорда (ВФ) – 32 149, айырбас қорда (ОФ)-115 жәдігер бар.
Облыстық музей қорында 56 529 жәдігер бар. Оның ішінде: негізгі қорда (КП) – 38 286, көмекші қорда (ВФ) – 18 128, айырбас қорда (ОФ)-115 жәдігер бар.
Маңғыстау аудандық филиалында – 1 203, оның ішінде негізгі қорда (КП) – 498, көмекші
қорда (ВФ) – 705 жәдігер бар.
Жаңаөзен қалалық филиалында – 892, оның ішінде негізгі қорда (КП)– 478, көмекші қорда (ВФ)- 414 жәдігер бар.
Бейнеу аудандық филиалында - 3 251, оның ішінде негізгі қорда (КП) - 2 424, көмекші қорда (ВФ)- 827 жәдігер бар.
Түпқараған аудандық филиалында - 16 790, оның ішінде негізгі қорда (КП) - 4 715, көмекші қорда (ВФ)- 12075 жәдігер бар.
Есепке алынған жәдігерлердің 4 мыңдайы музей экспозиция залдарында көрмеленген, ал қалғандары музей қорында сақтаулы.
Музей қорындағы жәдігерлердің негізін құрайтын өлкедегі мол қазба жұмыстары арқылы табылған археологиялық, палеонтологиялық жинақтар, гербарийлер, сонымен қатар музейдің негізгі мақтанышы болып есептелетін Маңғыстаудың ерекше зергерлік бұйымдары және киіз үй жабдықтары. Өлке жеріне белгілі тарихи тұлғалар мен мәдениет, өнер, әдебиет, ғылым, халық ағарту, денсаулық сақтау, өндіріс салаларында ерекше еңбегі сіңген қайраткерлер жөнінде және мекеме, өндіріс орындары туралы құжаттар сақталған. Сонымен қатар музей қорында жергілікті тұрғындар мен Маңғыстауға келген алғашқы орыс қоныстанушылары ұстап тұтынған тұрмыстық бұйымдар, еңбек құралдары, фотошежірелер бар. Өлкенің табиғаты, өсімдіктері мен жануарлар дүниесін көрсететін әртүрлі тұлыптар мен ылғалды препараттар сақталған.
Музей қоры музейлік маңызы бар заттармен музей қызметкерлерінің жинақтау бағытында, археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде, музей қорына зат сатып алу бағытында, мұрагерлердің музейге сыйға тартуы салдарынан толықтырылады.
Музей қорына музейлік маңызы бар заттарды сатып алу үшін музей жанынан өкілділік құрылып, облыстық музейдің бастығының бұйрығымен бекітілген.
Музей қорына ғылыми зерттеліп, сипаттамасы жазылған зат қор өкілділігінің кезекті
отырысында қабылданады.
Музейдің жұмыс кестесі:
Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00
Музей сандармен

Вы можете приобрести билеты онлайн
жәдігер
жәдігер
жәдігер
адам
саяхат