"Адал еңбек - ырыстың бұлағы" тағылымдық кездесуі

Маңғыстау халқы ежелден дала төсінде мыңғырған мал бағып, жер жыртып, егін салған, теңіз жағасында балық аулап күнелткен халық. Теңіз жағалаған дүйім елдің талайдан бері несібесін ортайтпай, қазанын құрғатпай  келген балық  шаруашылығы болатын.

  Балық аулау, балық кәсіпшілігі біздің өлкемізде 19 ғасырдың  50 - жылдарында қарқынды  дами  бастады. Кетік қаласына ірі балық  кәсіпорындары ашылды. Тарихта аты қалған: Захар Дубский, Сергей Афанасьев, С.Климов, М.Ериванцев, И.Абаков және т.б. сынды кәсіпкер балықшылар еді. Әрқайсысы жылына 300-800 тоннаға дейін балық аулайтын болған.

Қазақтардың балықшылықпен айналысатын жерлері – Қаражанбас,  Тереңөзек, Ортаеспе, Қараағаш, Долгий, Түпқарағаннан Кендірліге дейінгі аумақтар болды. Қазіргі таңда да бұл кәсіптер өз маңызын жойған жоқ. Қайта жаңғырып, ата кәсіппен айналысушылар әлі де сол кәсіптерінен нәсіптерін табуда. Ау - құралын атадан балаға мирас қылған атақты әулеттер болды. Олар Ізтұрған Оразбаев, Сәду Оразбаев, Өтеулі Қоңқақов, Айту Жолмағамбетов, Мұқан Мұңалов,  Қонысбай Аманқосов, Ұрым Ідірісов сынды азаматтар еді.                 

Ал, бүгінгі кездесуіміздің басты кейіпкері - бозбала шағынан зейнеткерлікке дейін балық аулауды кәсіп еткен,  балықпен күнелтіп, елдің несібесін теңізден тапқан жайсаң жан, тәжірибелі теңізші, «Еңбек Қызыл Ту орденінің», «Еңбек ардагері» медалінің иегері, балық кәсіпшілігі саласының ардагері Түпқараған ауданының «Құрметті азаматы», Баутин ауылының тумасы Тәуірхан Қанжанов. 14 жасынан бастап көкшулан теңізге шығып, балық аулауды адал кәсіпке айналдырған Тәуірхан аға өз ауылдастары арасында сыйлы азамат. Бейнетінің зейнетін көріп, өскелең ұрпаққа өнегелі өмір кешудің үлгісін көрсетіп жүрген ардагер теңізші бүгінде 9 перзент, 32 немере мен 7 шөберенің ортасында отырған бақытты ата. Музей көрермендеріне теңіз төсінде басынан кешкен әңгімелерін баяндап, тәжірибесімен бөлісіп, батасын берген Тәуірхан ағаның өмір жолы бір кездері музей төрінде мақтанышпен айтылары анық.

Жарияланған күні: 30-01-2019  
Оқылған саны: 4722

«Наурыз жыл басы!»

icon

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Наурыз мерекесіне орай «Наурыз жыл басы!»  атты мерекелік шара ұйымдастырылды.  

Жарияланған күні: 24-03-2016  
Оқылған саны: 37663

«Ұлттық рухты ұлықтаған арулар»

iconiconicon

Жарияланған күні: 18-03-2016  
Оқылған саны: 36434

Oблыстық тарихи-өлкетану мұражайында 11-13 наурыз аралығында «Масленичная ярмарка » мерекелік шарасы өтті.

iconiconiconiconicon

Жарияланған күні: 13-03-2016  
Оқылған саны: 30476

Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану мұражайына 40 жыл

iconiconiconiconicon

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының негізі 1975 жылы қаланған. Маңғыстау өлкесінің ежелгі тарихы, ерекше этнографиясы, осы өлкеге ғана тән қайталанбас айшықты архитектурасы, табиғаты, түбекке белгілі тарихи тұлғалар туралы кең мағлұмат беретін, 56 мыңнан астам жәдігерлері бар республикамыздағы іргелі мәдени орталықтардың бірі. Олардың ең таңдаулылары мұражайдың көрме  залдарына қойылған. 2015 жылы мұражайдың ашылуына 40 жыл толған болатын, өткен жыл мұражай үшін табысты жыл болды. 

Жарияланған күні: 18-02-2016  
Оқылған саны: 32438

«Маңғыстау өңірінде дәстүрлі діннің қалыптасуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жас ұрпақ санасына дін мен діни экстремизм ұғымдарының айырмашылығы, қазіргі таңда өзекті тақырыпқа айналған Ислам діні мен Ислам атын жамылған экстремистік бағыттағы ағымдардың алдын алу мақсатында «Маңғыстау өңірінде дәстүрлі діннің қалыптасуы» тақырыбында ақпан айының 12 күні дөңгелек үстел өткізді.  

Жарияланған күні: 13-02-2016  
Оқылған саны: 37036

Маңғыстау облыстық тарихи – өлкетану мұражайында «Ретро техникалар» көрмесі ашылды.

iconiconiconicon

Көрменің негізгі мақсаты – өткен ғасырда ең үздік деп танылған, өз заманының озық техника үлгілерін қазіргі буын өкілдеріне көрсетіп, таныстыру. 

Жарияланған күні: 26-01-2016  
Оқылған саны: 32690
22232425262728 ... 32

Музейдің жұмыс кестесі:

Сейсенбі – Жұма 9.00 - 18.00
Сенбі 10.00 - 17.00
үзіліс: 12.30 - 14.00

Музей сандармен

  • Қазіргі таңда музейдің қорында
    58 227
    жәдігер
  • Музейдің негізгі қорында
    39 094
    жәдігер
  • Музейдің көмекші қорында
    19 018
    жәдігер
  • Адамдардың келуі, жылына орта есеппен
    52 000
    адам
  • Жыл бойы мұзейде өтетін саяхаттар саны
    1 300
    саяхат

Вы можете приобрести билеты онлайн

Виртуальный тур по экспозицонным залам нашего музея

Кейбір
экспонаттар

  • Өлкеміздің өте ерте ғасырлардан қалған геологиялық суреттемелер, табылған пайдалы қазбалар, ерекше фауна және флора коллекциялары, археологиялық артефактар, этнографиялық бұйымдар музей қорында сақталып, экспозициясында көрмеленген.

2013. Сайттардың AWARD.kz Ұлттық интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында 2 орын,
"Қазақ тіліндегі үздік сайт" номинациясында 3 орын

2013. Аймақтық Grant.kz үздік сайттар интернет-жүлдесі
"Мәдениет және өнер" номинациясында Маңғыстаудың үздік сайты